15 жыл күткен: Түркістанда 41 жастағы әйел үшем дүниеге әкелді
Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталықта 41 жастағы әйел үш ұлды дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұл балалардың салмағы 1715, 1955 және 1999 грамм болған. Сәбилерге Айқын, Айдын және Арсен есімдері берілді.
“Шала туғандықтан нәрестелер өмірінің алғашқы тәулігінде тыныс алу аппаратына қосылып, жансақтау бөлімшесінде 10 тәулік дәрігерлердің бақылауында болды. Жағдайлары тұрақталған соң сәбилер анасымен бірге арнайы күтімді қажет ететін нәрестелер бөліміне ауыстырылды”, – делінген басқарма хабарламасында.

Дәрігерлердің айтуынша, үшем отбасыда 15 жылдық үзілістен кейін дүниеге келген. Ата-ана сәбилерден үлкен бір ұл мен бір қыз тәрбилеп отырғаны атап өтілді. Нәрестелер 35 тәуліктен кейін анасымен бірге қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 39 жастағы әйел өмірге үшем сәби әкеліп, бірден көпбалалы ана атанғаны туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан