Қазақстандықтар мамыр айында қалай демалады
7, 11 және 27 мамыр күні қазақстандықтар мерекеге орай демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеңіс күніне байланысты демалыс ауыстырылғандықтан, қазақстандықтарға 11 мамыр күні қосымша демалыс берілді.
Бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындарына:
- 4, 5, 6 мамыр – жұмыс күндері;
- 7 мамыр (бейсенбі) – демалыс;
- 8 мамыр (жұма) – жұмыс күні;
- 9 мамыр (сенбі) – мерекелік демалыс;
- 10 мамыр (жексенбі) – демалыс;
- 11 мамыр (дүйсенбі) – қосымша демалыс.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
- 7 мамыр – демалыс;
- 8 мамыр – жұмыс күні;
- 9 мамыр – мерекелік демалыс;
- 10 мамыр (жексенбі) – демалыс;
- 11 мамыр – жұмыс күні.
Құрбан айт мерекесі де сәрсенбі күнге түсіп тұр. Сондықтан 27 мамыр күні де ел тұрғындары жұмыс істемейді. Осылайша:
- Бес күн жұмыс істейтіндер – 14 демалыс күні және 17 жұмыс күні;
- Алты күн жұмыс істейтіндер – 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні.
Бұған дейін психолог мерекелік демалыстан соң жұмысқа қалай жеңіл оралуға болатынын айтқан еді.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген
