Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдарға Еуразиялық одақ елдерінде жұмыс істеу жеңілдетілді

қазақстандық ғалымдар
Фото: depositphotos.com

Қазақстандық ғалымдар үшін ЕАЭО елдерінде жұмысқа орналасу жеңілдейді. Енді доцент, профессор және ғылыми қызметкерлер өз ғылыми атақтарын дәлелдеуден өтпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, тиісті келісімге ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында қол қойған.

“Енді қазақстандық доценттерге, профессорларға, аға ғылыми қызметкерлерге және қауымдастырылған профессорларға ЕАЭО-ның басқа елдеріне жұмысқа орналасқан кезде ғылыми атақтарын қайта тану үшін қосымша рәсімдерден өтудің қажеті болмайды. Келісімнің ережелері оның күшіне енгенге дейін берілген ғылыми атақ туралы құжаттарға да қолданылады", – делінген хабарламада.

Жаңа нормалар оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің жұмысқа орналасуын жеңілдетіп, оларды артық рәсімдерден босатады және құжаттарды растауға кететін шығындарды азайтады деп күтілуде.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 08 Тамыз, 2026 08:06