Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайта өмірге келсем де, үш әйел алатын едім": Бекболат Тілеухан көпәйелділікке қатысты пікір білдірді

Бекболат Тілеухан
Фото: Видеодан скриншот

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында отбасы, жұбайлары және балалары туралы ойын айтты.

Өнер иесі жеке өмірін көпшілік алдында егжей-тегжейлі талқылауды жөн көрмейтінін айтып, бұл тақырыптың өзіне ғана емес, жақындарына да қатысты екенін жеткізді.

“Раушан, Кенже, Жанар – балаларымның аналары. Олардың бәрін құрметтеймін. Бұл тақырыпта артық сөз айтсам, олардың да, балаларымның да көңіліне тиюі мүмкін”, – деді ол.

Сұхбат барысында жүргізуші Бекболат Тілеуханнан “Өмірді қайта бастау мүмкіндігі болса, дәл осындай таңдау жасар ма едіңіз?” деп сұрады.

Әнші өз өмір жолына өкініші жоқ екенін айтып, тағдырын өзгертпейтінін жеткізді.

“Бұл – менің тағдырым. Алла маған иманды, қазақтың жақсы қыздарын жар етті. Әрқайсының менің өмірімде өз орны бар. Қайта өмірге келсем де, осы жолды таңдар едім”, – деді ол.

Сондай-ақ Бекболат Тілеухан балаларының өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ көтеруіне түбегейлі қарсы емес екенін айтты. Дегенмен олардың болашақ жары мұсылман болғанын қалайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, ата-ана баласының өмірлік таңдауына, соның ішінде мамандығы мен діни ұстанымына толықтай ықпал ете алмайды.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 07 Тамыз, 2026 13:23