Қазақстандық әскери қызметкерлерге "швед үстелі" жүйесі енгізіле ме: Қорғаныс министрлігі жауап берді

Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмедиев кей әскери бөлімдерде пилоттық жоба ретінде енгізілген “швед үстелі”жүйесі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол сарбаздардың тамақтану жүйесіне енгізілген мұндай өзгерістер сынақтан өткізілгенін растады.
“Қазір оның артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жүргізіліп жатыр. Кез келген жаңашылдықты толық көлемде енгізбес бұрын, әскердің шағын ұйым емес екенін түсінерсіздер. Сондықтан алдымен сынақтан өткізіп, оның бізге қажет я қажет еместігін анықтап алу керек”, – деді Ахмедиев.
Сонымен қатар ол бұл бастаманы басқа әскери бөлімдерге енгізу туралы түпкілікті шешім кейін қабылданатынын айтты.
“Қазір пилоттық жобаның нәтижесі сараланып жатыр. Мен “швед үстелі” жүйесі тиімді жұмыс істейтініне сенемін”, – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әскерінде швед үстелі мен ұлттық тағамдар пайда болатыны туралы жазған едік.
“Аула сыпырушы блогер ата”: “Қайратқа” 47 жылдан бері жанкүйер алматылық қария желі жұлдызына айналды
Дмитрий: "Алдағы уақытта “Қайрат” академиясына аула тазалаушы болып кіремін"
"Түнгі сағат 12-де хабарласады, төмен баға қойылса шу шығарады": Қазақстандық мұғалімдер ата-анадан көрген қысымын айтты
Мұғалімнің сөзінше, ата-аналар мұғалімге хабарласудан еш ыңғайсызданбайды
Оқыңыз