Ыстамбұлға ұшқан рейсте қазақстандық әйелдің 200 мың теңгесін ұрлап кеткен
Қазақстандық әйел Алматы–Ыстамбұл бағытындағы рейсте рюкзагынан (450 доллар) 200 мың теңгеден аса мен банк картасын ұрлап кеткенін айтып шағымданды. Айтуынша, рейске мінгенше ақшасы орнында болған. Алайда балаларымен фильм көріп отырғанда біреу ұрлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Астаналық тұрғын Маргарита Королева "Эйр Астана" рейсіне мінген. Қазір ол авиакомпания өкілдеріне жүгінген.
"Ұшу кезінде, ұшақтың ішінде әмиянымнан 450 доллар (203 666 теңге)мен банк картамды ұрлап кетті. Ақша қол жүгінде, дәл үстіміздегі жүк сөресінде, орнымыздың үстінде тұрған. Ұры осы жағдайды пайдаланған болуы мүмкін. Бәлкім, ол өз жүгінен бірдеңе іздегендей кейіп танытқан шығар. Бірақ шын мәнінде біздің заттарымызды ақтарып, 450 доллар мен банк картасын алып кеткен. Бұл — өте жағымсыз жағдай", – деді ол.
Әуе компаниясы мұндай жағдайларды тергеу құқық қорғау органдарының құзыретіне жататынын атап өтті. Әуе тасымалдаушысы әйелге полицияға ресми арыз беруді ұсынған.
"Әуе компаниясы орын алған жағдайға байланысты өкініш білдіреді. Ұрлық болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу жүгіну қажет. Әуе компаниясы өз құзыреті шегінде және заңнамаға сәйкес оқиғаның мән-жайын анықтауға құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге дайын", – деді Air Astana" әуе компаниясының өкілдері.

Бұл — "Эйр Астана" ұшақтарында жолаушылардың ақшасы жоғалғаны туралы хабарлаған алғашқы жағдай емес. Қыркүйек айында тағы бір қазақстандық әйел ұшудан кейін 3 400 доллары жоғалып, оның орнына конверттен Африканың Малави мемлекетінің банкноттары табылғанын мәлімдеген еді.
Еске салсақ, бұған дейін Қытайдан келе жатқан ұшақ бортында қазақстандық қомақты 1,6 миллион теңге қаржысын ұрлатқан.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді