Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында нәжіс толы бөтелке тасжолда келе жатқан көлікті зақымдаған

көлік зақым нәжіс
Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысында тасжолда кетіп бара жатқан көлікке зәр толы бөтелке тиген. Салдарынан көліктің алдыңғы және артқы әйнегі сынған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға Балқаш қаласының маңында болған. Зақымданған көліктің иесінің айтуынша, бөтелкені жолда өзімен бір бағытта келе жатқан көліктен лақтырған. Ол алдымен көліктің капотына соғылып, алдыңғы әйнекті тесіп өтіп, артқы әйнектен бір-ақ шыққан.

Жүргізуші бірден тоқтап, полиция шақырған. Күдікті анықталғанымен, ол қандай да бір қатты затты байқамай басып кеткенін, заттың көлікке қарай ұшып кеткенін айтқан. Қазір оқиғаның нақты мән-жайын полиция анықталып жатыр.

Бұған дейін қызының дүниеге келгенін тойлаған қазақстандық бас бостандығынан айырылғаны туралы жазған едік. Абай облысы, Жарма ауданында жүргізуші мас күйінде көлік айдағаны үшін 2 жыл 2 айға бас бостандығынан және мәңгілікке көлік айдау құқығынан айырылды. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 20 Қазан, 2026 08:06