Әскердің жауынгерлік әзірлігі мен әскери шығындар: Тоқаев қорғаныс министрлігіне бірқатар тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Айтқұрман Омарбеков пен қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі, әскери даярлық іс-шараларын қаржылай қамтамасыз ету, қорғаныс министрлігі бюджетінің орындалуы туралы есепті тыңдады.
Жоғарғы Бас Қолбасшыға жауынгерлердің жай-күйі мен әскерді жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ ведомство органдарына және сарбаздарға жүктелген міндеттердің орындалуы туралы баяндалған.
Сонымен қатар президентке әскердің қажеттіліктерін қаржыландыру және әскерді дамыту бағдарламасы туралы мәлімет берілді.
“Әскерді басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдау жеделдігін арттыру және сарбаздың маманданған бағытына қарай міндеттерді орындауға дайындығына айрықша мән берілді.Бұдан бөлек, мобилизацияны жоспарлау және әскери резервті дайындау, жоспарланған шығындарды негіздеу, бюджет тәртібін сақтау, бөлінген қаржыны пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері, сондай-ақ қаржылық бақылау мен шығыстардың нәтижелілігін бағалау тәсілдері қарастырылды”, – делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Қарулы күштердің сақадай сай болуына және әскери әзірлік сапасына қатысты, сонымен қатар әскердің ең басты қажеттіліктерін қаржылық тұрғыдан өтеу және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Еске салсақ, бұған дейін жаңа қорғаныс министрі Қазақстан әскерінде қандай өзгерістер болатынын айтып берген еді.
"Үйің мен көлігің бар": Түркістанда көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуын талап еткендерге шағымданды
