Абай облысындағы арнайы орталықта ерекше балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетілген (видео)
Абай облысының прокуратурасы Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратура мәліметінше, тексеру барысында санитарлар тарапынан тәрбиеленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталған.
Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттерді көре тұра, олардың жолын кесуге ешқандай шара қолданбаған мекеменің кейбір қызметкерлерінің әрекетсіздігі әшкереленді.
Аталған дерек бойынша прокуратура қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігі “екі немесе одан да көп кәмелетке толмаған адамға қатысты тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Прокуратура тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іске қатысы бар кінәлі тұлғалар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, балалармен қарым-қатынас жасауы шектелгенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Тараздағы балабақшада тәрбиешілер аутизмі бар баланың қол-аяғын байлап тастағаны туралы жазған едік.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді