Бизнеске кепілсіз кредитті 19%-дан басталатын мөлшерлемемен қалай алуға болады
Бұған дейін Freedom Банк шағын және орта бизнесті қаржыландырудың жаңа шарттарын жариялаған болатын. Енді Freedom экожүйесі мен банк өнімдерін белсенді пайдаланатын кәсіпкерлер жылдық 19%-дан басталатын (ЖТСМ-20,70%) нарықтағы ең төмен мөлшерлемемен кепілсіз "ЖШС-ке арналған цифрлық кредит" ала алады.
Бүгінде бизнес үшін капиталдың қолжетімділігі мен оны жедел алу мүмкіндігі көбіне өсудің шешуші факторларына айналып отыр. Freedom корпоративтік кредит беру нарығындағы шарттарды жақсарта отырып, тұрақты клиенттеріне қолдау көрсетуде: Банк заңды тұлғаларға арналған цифрлық кредиттердің ең төменгі мөлшерлемесін 19%-ға дейін төмендетті (ЖТСМ - 20,70%).
Бұл жағдайда мөлшерлеме мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Ол автоматты скорингтің смарт жүйесі арқылы жеке анықталады және Компанияның Банкпен қаншалықты тығыз жұмыс істейтініне тікелей байланысты. Қолжетімді мөлшерлемелер диапазонындағы ең төменгі мөлшерлемені Freedom өнімдерін белсенді пайдаланатын кәсіпорындар ала алады. Атап айтқанда, Банкте есеп айырысу шоттары бар, жалақы жобаларын қосқан, POS-терминалдарды пайдаланатын, депозиттері немесе Банкте қалыптасқан оң кредиттік тарихы бар кәсіпорындарға қолжетімді.
Кредит берудің жаңа шарттарын алған алғашқы клиент Алматы облысының Талғар қаласындағы "KAZ PARTS" ЖШС болды. Автокөлік бөлшектерін көтерме саудада сатуға маманданған компания айналым қаражатын толықтыру үшін 100 миллион теңгеден астам қаржы алды. Бұл ретте кредитті ұйымдастыру үшін алынатын комиссия 0 теңгені құрады.
"Біз өзіміз де Freedom-ға қалай толық көшіп кеткенімізді байқамай да қалдық. Алдымен есепшот аштық, кейін олардың жалақы жобалары бойынша шарттары өте тиімді екенін түсініп, бүкіл ұжымымызды сол жаққа ауыстырдық. Одан кейін POS-терминалдар орнаттық". Біз өз жұмысымызды жалғастырып, күнделікті төлемдеріміздің барлығын Банк арқылы жүргіздік, салықтарды төлеп, жалақы аудардық. Қызметтерді кешенді түрде пайдалану үшін 19% мөлшерлемемен қаржыландыру алудың шешуші шарты болды", – дейді "KAZ PARTS" ЖШС директоры Мақсат Айтпай.

Қаржылық тиімді шарттардан бөлек, кәсіпкер қызметтің толық цифрлық форматта көрсетілетінін де жоғары бағалады. Бұл бизнеске дәстүрлі қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді.
"ЖШС үшін дәстүрлі тәсілмен кредит алып көрген адам бұл процестің қаншалықты қиын екенін жақсы біледі. Ал мұнда бәрі цифрлық форматта жүзеге асады. Сайтқа кіріп, өтінім бердік, ал жүйе өзіміздің айналым көрсеткіштерімізге сүйене отырып, шешімді автоматты түрде шығарды. Кепіл де, құшақ-құшақ құжат та қажет емес. Бұл бізге қажетті қосалқы бөлшектерді жедел сатып алып, маусымдық сұранысты жіберіп алмауға мүмкіндік береді. Ал бәсекелестеріміз қажетті анықтамалар жинап жүргенде, біз уақытымызды жоғалтпай әрекет ете аламыз", — деп атап өтті Компания басшысы.
19%-дан басталатын мөлшерлемемен берілетін "ЖШС-ке арналған цифрлық кредит" – адал клиенттерге арналған жаңа тұрақты шарттар. Бұл ретте Банк мұндай кредиттерді беруге қатаң шектеулер қоймайды: қаржыландыру қолданыстағы бизнес-процестер шеңберінде, қаржы тапшылығынсыз жүзеге асырылады.
"Біз кәсіпкер клиенттерімізді жүйелі түрде қолдаймыз және оларға бизнесін масштабтауға арналған құралдар бере отырып, нақ осы бизнес үшін тұтас экожүйені қалыптастырып жатырмыз. Бұған біздің Freedom Business мобильді қосымшамыз да, ЖК-ге арналған арнайы кэшбэктер мен басқа да сервистер кіреді. Біздің тәсіліміз қарапайым: кәсіпкер банкіміздің экожүйесіне қаншалықты көп тартылса, оның алдында соншалықты көп мүмкіндіктер пайда болып, жаңа есіктер ашылады. Біз лояльділіктің бизнес үшін тікелей нақты пайдаға айналғанын қалаймыз", – деп атап өтті Freedom Holding Corp. компаниясының Chief Banking Officer-і және Freedom Банкінің Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жумагулов.
Freedom Банкінен “ЖШС-ке арналған цифрлық кредит” толығымен онлайн құрылымдалған, құжаттардың үлкен пакетін жинауды талап етпейді және мүліктік қамтамасыз етусіз беріледі, бұл сауда және сервистік компаниялар үшін өте маңызды. Өтінім бойынша жауап сандық скоринг жүйесінің арқасында бірнеше минут ішінде автоматты түрде қабылданады.
Мұндай қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде несиелік тәуекел болатынын есте сақтау маңызды. Яғни, қарыз алушы күтпеген жағдайларға тап болып, қаржылық міндеттемелерін уақытылы өтей алмай қалуы әбден мүмкін. Несие рәсімдеуге байланысты қаржылық шешімдер қабылдаған кезде бұл факторды ескеру өте маңызды.
Өнімнің негізгі шарттары:
- Сомасы: 200 000 000 теңгеге дейін.
- Мерзімі: 24 немесе 36 ай.
- Мөлшерлемесі: жылдық 19% - дан (ЖТСМ - 20,70%, жеке анықталады).
- Ұйымдастыру үшін комиссия: 0 теңге.
Кәсіпкерлер өздерінің кредиттік лимитін біліп, "ЖШС-ке арналған цифрлық кредит" алуға өтінімді Банктің ресми сайтында қазірдің өзінде бере алады.
ҚР ҚНРДА-ның банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған 07.07.2026ж. № 1.1.551.129 әмбебап банктік лицензиясы.
12.06.2024 ж. берілген №1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚНРДА лицензиясы.
Жарнама құқығында
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді