Қазақстанда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, бірлескен отырыс 8 мамыр, жұма күніне белгіленді. Отырыс Астанада сағат 10:00-де өтеді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – делінген өкім мәтінінде.

Еске салсақ, бұған дейін парламент палаталарының алдыңғы бірлескен отырысы 20 наурызда өткен еді. Онда депутаттар "Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы" конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"