Конституциядағы жаңа норма: Президент заңдарға ескертпе жасап, оларды Құрылтайға кері қайтара алады

Қазақстанда енді президент заңдарға тек қол қойып қана қоймай, оларды қайта қарау үшін Құрылтайға кері қайтара алады. Бұл норма "Қазақстан Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заң жобасына енгізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, құрылтай қабылдаған заң 10 күн ішінде президенттің қол қоюына ұсынылуы тиіс. Мемлекет басшысы бір ай ішінде заңға қол қойып, оны жариялайды. Егер заңға қатысты ескертпелер болса, президент оны немесе оның жекелеген баптарын қайта талқылауға және дауыс беруге кері қайтара алады.
Президенттің ескертпесі бар заңдар немесе баптар бір ай ішінде қайта қаралып, қайта дауысқа қойылуы тиіс. Бұл мерзім президенттің ұсынысы Құрылтайға жіберілген күннен бастап есептеледі. Егер соңғы күн айдың нақты күніне сәйкес келмесе, мерзім келесі айдың соңғы күнімен аяқталады.
Егер бұл уақыт Құрылтайдың сессия кезеңіне сәйкес келмей қалса, мерзім уақытша тоқтатылады. Белгіленген уақыт ішінде қайта қарау жүргізілмесе, президенттің ескертпелері автоматты түрде қабылданған болып есептеледі.
Сонымен қатар президент депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, өз ескертпелеріндегі заң мәтінін немесе жекелеген баптарын өзгерте алады.
Егер Құрылтай президенттің ескертпелерін көпшілік дауыспен қабылдамаса, заң қайта қарауға жіберіліп, бір ай ішінде тағы қаралады және соңында президент қол қояды.
Ал егер президенттің ескертпелері дауыс беру арқылы еңсерілмесе, онда заң қабылданбаған немесе президент ұсынған нұсқада қабылданған болып саналады.
Оқыңыз