Қазақстанда депутаттарға мінберді жеке мәселелер үшін қолдануға тыйым салынады

"Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы" заң жобасында депутаттардың мінез-құлық ережелері көрсетілген. Заң күшіне енгеннен кейін депутаттарға отырыстарда жеке мәселелерді көтеруге тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заңға сай жария сөз сөйлеген кезде олар тек тексерілген деректерге сүйенуге тиіс. Егер жалған ақпарат айтылғаны анықталса, оны айтқан депутат зардап шеккен тараптан кешірім сұрауға міндетті болады.
Сонымен қатар басқа депутаттардың сөзін сынға алуға немесе пікір білдіруге тыйым салынады.
Ережені бұзған жағдайда әртүрлі шаралар қарастырылған: ескерту жасау, жария түрде кешірім сұрату, бірнеше отырысқа сөз бермеу, залдан шығару немесе бір күндік жалақысын ұстап қалу.
ОқыңызЕгер депутат дәлелді себепсіз үштен көп отырысқа қатыспаса, сол күндер үшін жалақы төленбейді. Ал бір айдан астам жұмысқа келмеген жағдайда, жалақысынан бөлек іссапарлар, жол ақысы, қызметтік көлік және медициналық жеңілдіктер де тоқтатылады.
Еске салсақ, бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал қою үшін микрофон сұраған депутат Ардақ Назаров сөзін анасын туған күнімен құттықтаудан бастағаны үшін сынға қалған еді. Кейін депутат Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді.