Қазақстанда ойыншық ұсынатын автоматтарға қатысты заң әзірленбек

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов “Хватайка” ойыншық автоматына қатысты жағдайға пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер министрден елде неліктен ойыншық автоматтарына әлі күнге дейін тыйым салынбағанын сұрады. Ал министр қазіргі заңнамада олардың қызметі нақты реттелмегенін айтты.
Оқыңыз“Қолданыстағы заңнамада мұндай автоматтарды реттейтін нақты нормалар жоқ. Жақын уақытта заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеу жоспарланып отыр. Қазір бұл автоматтардың қызметі ешбір мемлекеттік органның құзыретіне жатпайды. Сондықтан олардың қызметін бақылайтын уәкілетті орган айқындалады”, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін депутат Ғалиасқар Сарыбаев көшеде тұрған “Хватай-ка” ойын автоматтарына қарсы шыққаны туралы жазған едік.
Талқылау