Қазақстанда енді сарбаздарды жасанды интеллект бақыламақ
Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін барлық казарма жасанды интеллект элементімен жабдықталған бейнебақылау жүйелерімен қамтылады. Мұны Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, министрлік әскери қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспарды жүзеге асырып отыр.

“Иә, қазір барлық жерде камералар орнатып жатырмыз. Бізде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар бар. Биыл жылдың соңына дейін және келесі жылы барлық казарманы толық бейнебақылау жүйесімен қамтимыз деп ойлаймын. Бұл талдау жүргізетін жасанды интеллекті бар жүйе болады”, – деді Мұстабеков.
Оның сөзінше, әскерге жаңа технологияларды төтенше және келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін орнатып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әскердегі әлімжеттік жасанды интеллект арқылы бақыланатыны туралы жазған едік.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"