Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көшедегі қоқысты жасанды интеллект көмегімен “тазалаған” әкімдік қызметкері жұмыстан босатылды

Алматыдағы қоқысты ЖИ мен тазалаған
Фото: Әлеуметтік желіден

Алматыда көшедегі қоқысты жасанды интеллект көмегімен “тазалаған” әкімдік қызметкері жұмысынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бостандық ауданы әкімдігінде бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізілмегенін хабарлады.

"Левитан көшесіндегі (№125 мектептің қарсы бетінде) көше тазалау жұмыстарының жасанды интеллект көмегімен өңделген фотосуреттеріне байланысты қызметтік тексеру жүргізу қажет болмады. Себебі мемлекеттік қызметкер жасаған заңбұзушылығын мойындады", — делінген әкімдік хабарламасында.

Осы оқиғадан кейін аталған қызметкермен еңбек қатынастары тоқтатылып, ол жұмыстан босатылған.

"Сонымен қатар аталған тұлғамен еңбек шарты бұзылып, мемлекеттік органмен қызметтік қатынастары тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, мамыр айының ортасында Алматы тұрғыны Бостандық ауданы әкімдігі көшелерді тазалау жұмыстарын көрсету үшін жасанды интеллекті пайдаланған деп күдіктеніп, әлеуметтік желіде жазба жариялаған еді. Жазба желіде тез тарап, қызу талқыға түсті.

желідегі пікірлер
Фото: Әлеуметтік желіден

Желі қолданушылары суреттердің бірін әлеуметтік желі “жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген контент” ретінде белгілегенін байқаған.

Сондай-ақ пікір қалдырушылар "дейін" және "кейін" түсірілген кадрлардағы күмәнді жайттарға назар аударды: көлеңкелердің бірдей болуы, түсіру ракурсының өзгермеуі және екі суреттегі кейбір бөлшектердің тым ұқсас көрінуі көпшіліктің күдігін күшейткен еді.

Еске салсақ, Қазақстанда экологияға келтірілген зиян үшін жауапкершілік күшейтілетінін жазғанбыз. Енді елімізде қоқыс үйінділері қашықтықтан тексеріледі.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 09 Маусым, 2026 20:50