Қазақстанда екі университет лицензиясынан айырылады

Қазақстанда тағы екі жоғары оқу орнының лицензиясын қайтарып алынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Үкіметтегі брифингте журналистер министрден Қазақстандағы жоғары білім сапасын министрлік қалай бағалайтынын және соңғы жылдары оқу сапасының төмендігіне байланысты қанша жоғары оқу орнының лицензиясы қайтарылғаны немесе жабылғанын сұрады.
Саясат Нұрбектің айтуынша, соңғы жылдары үш университеттің лицензиясы қайтарылған.
"Тағы бірнеше университет бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір екі университетке қатысты тиісті жұмыс атқарылуда", – деді министр.
ОқыңызМинистр нақты қандай жоғары оқу орындары жабылатынын атаудан бас тартты.
"Мен бұған дейінгі брифингте де айтқанмын, біз жауапкершілікпен әрекет етуіміз керек. Себебі қазір ол оқу орындарында ондаған, жүздеген мың студент оқуын жалғастырып жатыр. Егер мен түпкілікті шешім қабылданбай тұрып қандай да бір мәліметтерді жария етсем, бұл студенттерге әсер етуі мүмкін", – деді Саясат Нұрбек.
Министр ақпарат шешім қабылданғаннан кейін ресми түрде жарияланатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін министр Саясат Нұрбек талапкерлерге арналған жаңа балама тест туралы айтып берген еді.
"Даму мен экологияны бір-біріне қарсы қоюға болмайды": Алматылықтарға болашақ Superski курортының маңызы түсіндірілді
Алматыда "Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу" бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр
"Макияж жасаса, күйеулері де ажырата алмайды": Егіз ағайындыға тұрмысқа шыққан егіз қыздар өмірлері туралы айтты
Екі отбасы “біздің өміріміз басқаларға қызық көрінуі мүмкін, бірақ біз үшін бұл қалыпты жағдай” дейді