Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дос Көшім: "Ауыл" партиясы өте қажетті әрі болашағы бар мәселе көтерді

ауыл шаруашылығы
Фото: pexels.com

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытып, ауылдағы өмір сапасын жақсартудың маңызын жиі айтып келеді. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында өткен халықаралық AUYL INVEST FEST 'Қой шаруашылығы 2.0' фестивалі фермерлер мен сарапшыларды бір жерге жинап, мал шаруашылығын дамыту жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Бұл шара фермерлерді, селекционерлерді, қайта өңдеушілерді және Қазақстан мен шетелден келген сарапшыларды бір алаңға жинап, мал шаруашылығы мен ауыл экономикасын дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. 

Бүгінде салалық мәселелерді талқылаумен шектелмей, тәжірибе алмасуға, инвестиция тартуға және заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін нақты алаңдар құру маңызды болып отыр.

Саясаттанушы әрі қоғам қайраткері Дос Көшімнің пікірінше, мұндай бастамалардың маңызы бір ғана сала шеңберімен шектелмейді.

"Менің ойымша, өте қажетті әрі болашағы бар мәселе көтерген – "Ауыл" партиясы. Әңгіме тек қана асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуда немесе тағы басқа мәселелерде емес. Менің білуімше, бұл бастама кешенді сипатқа ие сияқты. Мұнда жаңа технологияны енгізу, өнімдерді өңдеу мәселесі және цифрлық экожүйе де қамтылған. Демек, мұндай халықаралық форумдар, әсіресе, қазақ елі үшін өте маңызды. Біздің негізгі бағытымыз – кейде "этноэкономика" деп те айтылатын –  ұлттық экономикамыздың басты салаларының бірі саналатын мал шаруашылығы болып қала береді”, – деді ол.

Саясаттанушының ойынша, қазақтар қойды бірінші орынға қояды.

"Сондықтан осы мәселені "Ауыл" партиясының қолға алып, осындай үлкен халықаралық форум өткізуі, менің ойымша, ең қажетті дүниелердің бірі болып табылады. Әңгіме енді осыдан нәтиже шығара білуде. Осында көтерілген мәселелерді мемлекеттік бағдарлама деңгейінде қабылданатындай дәрежеге жеткізу керек. "Ауыл" партиясы осыны көрсетіп, бастама көтеріп жүргенін байқатты. Ал ар жағы – мемлекеттің міндеті деп ойлаймын", – деп қосты ол. 

Stan.kz
Сейсенбі, 26 Мамыр, 2026 17:16