Жамбыл облысында көшені жөндейтін компания жолдағы ескерту белгілерін орнатпай қойған

Жамбыл облысы Шу ауданында компания уәкілетті органның заңды нұсқамаларын орындамай, жолдағы ескерту белгілерін қоймағаны үшін сотқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тексеру барысында жол инспекциясының қызметкерлері Шу қаласының бірқатар көшелерінен заңбұзушылықтарды анықтады. Жөндеу учаскелерінде жылдамдықты шектеу белгілері, яғни "Балалар", "Жол беріңіз" ескерту белгілері және басқа да міндетті элементтерді қоса алғанда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті уақытша жол белгілері болмаған.
Компанияға аталған олқылықты түзету уақыт берілсе де, олар оны түземеген. Сол себепті 3 хаттама толтырылды.
ЖШС өкілі кінәні ішінара мойындап, уақытша жол белгілерін орнату құжаттамада көзделмегенін, ал ауа райының қолайсыздығына және тапсырыс беруші тарапынан қаржыландырудың болмауына байланысты жұмыстар кешіктірілгенін түсіндірді.
ОқыңызӘкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодекстің 462-бабы “Мемлекеттік инспекциялар мен қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау” бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК (432 500) айыппұл көзделген.
Сот компанияның дәлелдерін дәрменсіз деп тауып, жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға міндетті екенін атап өтті.
Ауырлататын мән-жайлардың жоғын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30% азайтты.
“Сот қаулысымен "K" ЖШС кінәлі деп танылып, үш эпизодтың әрқайсысы бойынша 302 мың теңгеден айыппұл тағайындалды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 908 мың теңге”, – делінген хабарламада.
"Даму мен экологияны бір-біріне қарсы қоюға болмайды": Алматылықтарға болашақ Superski курортының маңызы түсіндірілді