Тоқаев МАГАТЭ басшысымен Қазақстандағы АЭС құрылысы мен ядролық қауіпсіздікті талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу барысында Бас директор Қазақстанның әлемдегі ядролық қауіпсіздікті және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайту бағытындағы іс-қимылына жоғары баға берді
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдегі абырой-беделіне, ядролық қауіпсіздікті, диалог пен көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетуде дәйекті рөл атқарып келе жатқанына тоқталды.
Агенттік жетекшісі елімізді АЭС салу бойынша өткен жалпыхалықтық референдумның нәтижесінде атом энергиясын дамыту бағдарламасының іске асырыла бастауымен құттықтады.
ОқыңызПрезидент Қазақстанның ядролық қауіпсіздік пен мемлекетаралық сенімді нығайтуға бағытталған жаһандық күш-жігерге қосылуға алдағы уақытта да бейіл екенін мәлімдеді.
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті халықаралық уағдаластық болған жағдайда, еліміз ізгі ниетті көздеп, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселенің шешілуіне атсалысуға дайын екенін тағы да растады.
Рафаэль Гросси Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызы мен рөлін атап өтіп, еліміздің игі бастамасына қолдау білдірді. МАГАТЭ басшысы ықтимал келісімдерді жүзеге асыру үшін Қазақстан саяси беделге, тиісті инфрақұрылым мен ғылыми-техникалық базаға ие екенін жеткізді.
Сонымен қатар Президент БҰҰ Бас хатшысы лауазымына үміткер Рафаэль Гроссиге сәттілік тіледі.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Рафаэль Гроссиді І дәрежелі “Достық” орденімен марапаттады.
"Даму мен экологияны бір-біріне қарсы қоюға болмайды": Алматылықтарға болашақ Superski курортының маңызы түсіндірілді