Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК оңтүстік кореялық ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесін ұстады

колл-орталық
Фото: magnific.com

Қазақстанда алаяқтық колл-орталықтардың қызметіне қатысы бар деген күдікпен Корея Республикасының 14 азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2026 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық колл-орталықтардың заңсыз қызметінің жолын кесу аясында Корея Республикасының 14 азаматын ұстады.

ҰҚК мәліметінше, Корея Республикасының құқық қорғау органдары аталған азаматтарға қатысты телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы алаяқтық жасаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болды деген күдікпен қылмыстық іс жүргізіп жатыр.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында заңсыз әрекеттерде пайдаланылған компьютерлік техника, ноутбуктер мен ұялы телефондар тәркіленді.

Қазір ұсталғандар процестік іс-шараларды жүргізу және кейіннен депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Одессада қазақстандықтар мен басқа да елдердің азаматтарын алдап келген, ұйымдасқан алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылған еді. Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде интернет алаяқтықпен айналысып келген.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 30 Шілде, 2026 17:54