Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда отбасының әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды

Әл-ауқат калькулятор санат жәрдемақы (1) (1)
Фото: Қосымшадан скрин

Қазақстанда отбасының әлеуметтік жағдайын бағалап, мемлекеттік жәрдемақы мен төлемдер алуға мүмкіндігі бар-жоғын анықтау үшін онлайн-калькулятор пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық отбасы енді қай санатқа жататынын анықтау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы есептей алады. 

Әл-ауқат калькуляторы не үшін қажет?

Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жүйесі өзгеріп жатыр. Жаңа тәртіп бойынша азаматтар отбасының әлеуметтік жағдайына қарай бес санаттың біріне — A, B, C, D немесе E тобына бөлінеді.

Отбасының қай санатқа жататыны мемлекеттік көмек алуға құқығына және төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер етеді.

Әл-ауқатты тексеру үшін жүйеге кірсеңіз ең алдымен аталған калькулятордың отбасының немесе тұлғаның әлеуметтік әл-ауқат санатымен танысу үшін қажет екені көрсетілген.

Мұнда мәліметтер жүйелі түрде үш блокқа енгізіледі: отбасының әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы, отбасы активтері, нәтижелер.

Есептеу қалай жүргізіледі?

Есептеу тұлғанің өзі көрсеткен мәліметтер негізінде жүргізіледі және анықтамалық сипатқа ие. Ол әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тоқтату туралы шешім емес.

Жүйеге eGov арқылы кіруге болады және ол үшін пайдаланушының профилі керек. Отбасы туралы енгізілген мәліметтер мен сауалнама жауаптары тұлғаның өзінің браузеріңізде қалады және серверге жіберілмейді.

 Азаматтан әлеуметтік-демографиялық сипаттамасынан бөлек:

  • Оның сыйақы, өтемақысын қосқандағы айлығы;
  • Отбасында қанша адам екені;
  • Мүгедектігі бар-жоғы;
  • Отбасы мүшелерінің табысын қосқандағы орташа жалақы мөлшері;
  • Отбасының активтері;
  • Несие туралы ақпаратты;
  • Қандай көлігі барын;
  • Ауыл шаруашылығы, кәсібі мен жылжымайтын мүлік, жер телімі және коммерциялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты сұрайды. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Енді жәрдемақының бір бөлігін беру кезінде отбасының табысы, баспанасы, көлігі және басқа да мүлкі ескеріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев отбасының әл-ауқатын бағалайтын калькулятордың таныстыруына қатысты. Ол жүйенің қалай жұмыс істейтінін өз отбасының мысалында көрсетіп, нәтижесінде калькулятор оны В санатына жатқызды. 

Айым Болатқызы
Жексенбі, 18 Қазан, 2026 15:23