Қазақстанда 2027 жылы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды
2027 жылы айлық есептік көрсеткіш 4 693 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Егер бюджет жобасы бекітілсе, АЕК-ке байланысты бала туу, бала күтімі және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың мөлшері де артады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2027 жылы Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 8,5%-ға өсуі мүмкін. Бұл жоба бекітілсе, АЕК-ке байланысты бірқатар жәрдемақының мөлшері де артады.
Қаржы министрлігі жариялаған 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында АЕК-ті қазіргі 4 325 теңгеден 4 693 теңгеге дейін көтеру ұсынылған.
Бала тууға берілетін жәрдемақы
Жаңа АЕК бекітілсе:
- алғашқы үш балаға – 178 334 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға 295 659 теңге төленуі мүмкін.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін берілетін ай сайынғы жәрдемақы:
- бірінші балаға – 27 032 теңге;
- екінші балаға – 31 953 теңге;
- үшінші балаға – 36 840 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға 41 768 теңге болуы мүмкін.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы
2027 жылы:
- 4 балаға – 75 229 теңге;
- 5 балаға – 94 048 теңге;
- 6 балаға – 112 867 теңге;
- 7 балаға – 131 686 теңге;
- 8 және одан көп балаға әр балаға 18 772 теңгеден төленуі мүмкін.
"Күміс алқа" және "Алтын алқа" иегерлеріне
- "Күміс алқа" иегерлеріне – 30 035 теңге;
- "Алтын алқа" иегерлеріне және "Батыр ана" атағын алған әйелдерге 34 728 теңге болуы мүмкін.
Сонымен қатар АЕК мөлшеріне байланысты басқа да мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер өседі. Алайда бұл сомалар әзірге жоба бойынша ұсынылған, 2027 жылға арналған бюджет түпкілікті бекітілгеннен кейін ғана нақты мөлшері белгілі болады.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде бала күтімі бойынша төлем алып отырған, қосымша жұмыс істейтін аналар жәрдемақыдан айырылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда Еңбек министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министрлікке сәйкес, төлемдер алушының жұмысқа орналасқанына қарамастан бала 1,5 жасқа толғанға дейін толық көлемде сақталады.
Қазақстандық ата-аналар баласына тоз-тозы шығып, парағы жыртылған кітап берілгеніне шағымданды