Макрон жаппай тәртіпсіздіктен кейін Франция халқына үндеу жасайды

Франция президенті Эмманюэль Макрон 18 қазан күні Париж уақытымен сағат 20:00-де халыққа үндеу жасайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ел президенті жаппай тәртіпсіздік пен наразылық басталған күннің ертесінде республика халқына үндеу жасамақ.
17 қазанда Францияның түкпір-түкпірінде жаппай наразылық акциялары өтті. Оған "сары кеудешелілер" қозғалысының өкілдері, мектеп оқушылары, студенттер, фермерлер мен кәсіподақ мүшелері қатысты.
Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наразылыққа шамамен 550 мың адам қатысқан. Оның 110 мыңға жуығы Парижде жиналған. Ал CGT кәсіподағын қоса алғанда, акция ұйымдастырушылары қатысушылар саны 800 мыңға жеткен.
Елдің Сауда және дистрибуция федерациясының мәліметінше, елдегі тәртіпсіздіктер бизнеске жүздеген миллион еуро көлемінде шығын әкелген.
France Info дерегіне сенсек, 1,5 мың сауда нысаны зардап шеккен.
Наразылық акцияларының салдары премьер-министр Себастьян Лекорню шақыратын ведомствоаралық дағдарыс штабының отырысында талқыланады.
Жиында наразылық акцияларының экономикаға, сауда және сақтандыру салаларына келтірген зардабы, сондай-ақ құқықтық шаралар мәселесі ортаға салаынады.
Себастьян Лекорню Париж, Лион және Марсель қалаларының әкімдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Оқиғаның мән-жайы
Еске салайық, 17 қазан күні Францияда өмір сүру қымбаттап, жанармай бағасының өсуіне қарсы шыққан халықтың наразылығы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Париж, Марсель және бірқатар басқа қалаларда шеруге шыққандарды тарату үшін құқық қорғау органдары су атқыш машиналар мен көзден жасаурататын газ қолданды. Ал кейбір қалаларда тәртіпсіздіктер кезінде өрт қою және тонау оқиғалары тіркелді.
Сенбі күні кешке Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню ел бойынша 1 200 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 150 полиция қызметкері жарақат алған.
Ал Эмманюэль Макрон елде зорлық-зомбылыққа орын жоқ екенін мәлімдеп, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолдау білдірді. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, префектуралар мен кәсіпкерлік нысандарға шабуыл жасаған, тіпті қалалық кеңестерді тонаған адамдар жауапқа тартылып, жазаланатынын айтты.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды