Миллиондап қарызға батқан қазақстандық мұғалім банкронт деп танылмады
Батыс Қазақстан облысында сот мұғалімге несие қарызынан құтылуға көмектесіп, банкроттықтан құтқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауыл мұғалімінің банк алдындағы берешегі 4 миллион теңгеден асып кеткен. Борышкер несие төлемдерінің көптігі, үйді жөндеуге кеткен шығындар және кәмелетке толмаған балаларын асырап отырғандықтан қарызын төлей алмаған.
Алайда тұрақты жұмысы мен табысы болғандықтан, сот мұғалімді банкрот деп танудың қажеті жоқ деп шешті. Борышкерге қарызын біртіндеп өтеуге мүмкіндік берілді.
Енді қаржы басқарушысы мұғалімге қарызды өтеудің нақты кестесін әзірлеп, оны сот бекітуі керек. Осылайша, әйел несиелерін кезең-кезеңімен төлеп, банкроттықтан аман қалды.
Соттың түсіндіруінше, мұндай тәсіл тұрақты табысы бар азаматтарға қаржылық қиындықтан шығуға көмектеседі.
Бөрлі аудандық сотының шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін қазақстандық қыз Mary Kay компаниясынан 15 миллион теңгеге зат алып, қарызға батқанын айтқан еді.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
