Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі жыл бойы маза болмады": Жахан Отарғалиев соңғы қарызынан құтылды

Жахан Отарғалиев
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

Танымал актер Жахан Отарғалиев барлық қарызынан құтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, соңғы қарызын өтеуге бара жатқанын айтты. Оның сөзінше, өзгеге уәде беру де қарыз болып жазылады.

“Осы күнді қатты күттім. Қазір соңғы қарызымды қайтаруға бара жатырмын. Осыдан құтылсам, енді қарыз алмаймын. Мына ақшаны бергеннен кейін көңілді өмір бастаймын”, – деді ол.

Актердің айтуынша, бұл – ол үшін ерекше қарыз. Жахан Отарғалиев осыдан үш жыл бұрын актер Шерхан Пірназар мен оның жарына қажылыққа баруға қаржылай көмектесемін деп уәде берген екен.

“Уәде етілген нәрсе орындалуы керек. Бұл да мен үшін қарыз болды”, – деді ол.

Өнер иесі қарыздың адамға ауыр тиетінін айтып, көпшілікті мүмкіндігінше қарыз алмауға шақырды. Кейін ол ақшаны Шерхан Пірназар мен оның жарына табыстап, қаржыны қайда жұмсайтынын өздері шешетінін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Жахан Отарғалиев өмірінде естіген ең ауыр пікір туралы айтқаны хабарланған еді. Өнер иесі сұхбат барысында өзгені сынамау керегін айтып, өзіне көп адам теріс пікір жазатынын айтты. Ол осы тұста өмірінде естіген ең ауыр сөз туралы да айтып берді.

“Жүрегімді ең қатты ауыртқан пікір бар. Бір қолданушы “Қанша әйел алдың, біреуін туғыза алмадың ғой” деп жазған. Бұл мен үшін ең ауыр пікір болды”, – деп жазды ол.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026 16:25