"Қанша әйел алдың, біреуін туғыза алмадың ғой": Жахан Отарғалиев өмірінде естіген ең ауыр пікір туралы айтты

Танымал актер Жахан Отарғалиев “Шаткаст” подкасына берген сұхбатында жүрегін қатты ауыртқан пікір жайлы әңгіме қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі сұхбат барысында өзгені сынамау керегін айтып, өзіне көп адам теріс пікір жазатынын айтты. Ол осы тұста өмірінде естіген ең ауыр сөз туралы да айтып берді.
“Жүрегімді ең қатты ауыртқан пікір бар. Бір қолданушы “Қанша әйел алдың, біреуін туғыза алмадың ғой” деп жазған. Бұл мен үшін ең ауыр пікір болды”, – деп жазды ол.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Актер пікір иесін қалай кешіргенін де бөлісті.
“2024 жылдан бастап Рамазан айында қажылық етуге тырысамын. Былтырғы оразада Медина қаласында болдым, он күн бойы мешіттен шықпай дұға жасадым. Ол пікірді кім жазғанын білмеймін ғой, бірақ оны бұл сөзі үшін сол кезде ғана кешірдім”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Жахан Отарғалиев балалы болуға қатысты жан сырын ақтарғаны хабарланған еді.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды