Қазақстанда 1 шілдеден бастап электр тарифі қымбаттамайтын болды
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов алдағы уақытта электр энергиясының тарифтері қалай өзгеретіні туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр бұл туралы үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді
"Қазіргі таңда тарифтер көтерілмейді деген шешім қабылданды (2026 жылғы 1 шілдеден бастап көтерілмейді – ред. ескертпесі). Мұндай шешім қабылданды. Біз қабылдадық, үкімет те қабылдады. Көтерілмейді", – деп сендірді Ақкенженов.

Дегенмен еске салсақ, 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясының құны күрт өсетіні туралы хабарладық. Себебі Энергетика министрлігі энергия өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифтерді қайта қарау туралы бұйрық жобасын әзірлеген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады