“Қазақстан темір жолының” жаңа басшысы тағайындалды
“Қазақстан темір жолы” басшысы болып Елжас Отыншиев тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елжас Отыншиев1982 жылы Қостанайда дүниеге келген. Мәскеу физика-техникалық институтының "Жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеу қаласындағы кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.

- 2009–2019 жылдары "Самұрық-Қазына" мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеді.
- 2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.
- 2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін "Самұрық-Қазына"Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.
- 2024 жылғы ақпаннан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" Директорлар кеңесінің мүшесі.
2023 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Еске салсақ, “Қазақстан темір жолы” басшысы қызметінен кеткен еді.
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”
Алматы тауларында ағаштарда қызыл белгілер пайда болды: Жаппай ағаш кесу қалаға қалай әсер етеді
Тұрғын: "Сонда осы ағаштарды, осы әсем табиғатты сақтап қала алмаймыз ба?”