Канье Уэстің концерті күні Алматыда бірнеше көше жабылады
14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэстің (Ye) концерті өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Концерт ұйымдастырушылары жариялаған сызбаға сәйкес, көшелер сағат 16:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жабылады.

Көлік қозғалысы мына көшелерде шектеледі:
- Абай даңғылы;
- Байтұрсынұлы көшесі;
- Қаныш Сәтбаев көшесі;
- Байзақов және Сейфуллин көшелерінің жекелеген бөліктері.
Концертке баратын көрермендерге жолға шығар алдында жабылатын көшелердің сызбасымен танысып, бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Шектеулер метро жұмысына әсер етпейді. Сондықтан концертке қоғамдық көлікпен баратындар метроны пайдалана алады.
Еске салайық, бұған дейін танымал америкалық рэпер Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет концерт өткізетіні хабарланған еді. Әлемдік деңгейдегі рэпердің Алматыдағы концерті туралы ақпаратты Алматы әкімдігі де растады. Десе де кейін Канье Уэсттің Орталық стадиондағы концертіне қатысты “Қайрат” клубы наразылық білдірген. Себебі концертті ұйымдастырушылар клубпен іс-шараның өтетін күні мен оны өткізу мәселесін алдын ала келіспеген.
Кейінірек Канье Уэсттің концертіне байланысты "Қайрат" еурокубоктағы матчын басқа қалаға ауыстырғаны белгілі болды.
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты