Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 5 күнде 50% табыс табуға болады деп сендіріп, 700 миллион теңгені қолды еткен
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті инвестициялық платформа ретінде жұмыс істеген "Капитал" қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, күдікті әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан 20 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша тартып, 3-5 күн ішінде салынған қаржының 30-50%-ына дейін табыс түседі деп уәде еткен. Жаңа қатысушыларды тарту үшін “жылдам пайда” және уақыты шектеулі ұсыныстар сияқты психологиялық тәсілдер қолданылып, азаматтарды қаржылық тәуекелдерді толық бағаламай шешім қабылдауға итермелеген.
“Уәде етілген табыс кепілдіктері тек ауызша айтылған және ешқандай нақты кәсіпкерлік қызметпен немесе келісімшарттық міндеттемелермен расталмаған. Шын мәнінде, салымшыларға төлемдер жаңа қатысушылардан түскен қаражат есебінен жүргізілген. Салдарынан қаржы пирамидасына 900-ден астам салымшы тартылып, жалпы салынған қаражат көлемі 700 миллион теңгеден асқан”, – деп мәлімдеді агенттік.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға және қысқа мерзімде жоғары табыс уәде ететін күмәнді жобаларға ақша салмауға шақырды. Инвестиция жасамас бұрын ұйымның қызметінің заңдылығын және тиісті рұқсат құжаттарының бар-жоғын мұқият тексеру қажет екенін ескертті.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"
Қыркүйекте доллар құны қалай өзгереді – Сарапшылар қаржы нарығына болжам жасады
Қаржы сарапшысы Айбар Олжай доллардың алдағы уақытта жағдайы бойынша пікір білдірді.