"Жасанды тыныс алу аппараты болмаған": Қарағандыда бүлдіршін ауруханада көз жұмып, бұл жағдай қоғамда дау тудырды (видео)

Қарағандыда кішкентай қыз көз жұмып, қоғамда үлкен резонанс туды. Қайғылы жағдай елдегі медициналық жабдықтардың қолжетімділігі мәселесін көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында бір жас үш айлық Кәусар Серік есімді қыз көз жұмды. Бала ауруханаға ішек инфекциясымен түскен. Кейін жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Үш жарым апта ем қабылдаған соң дәрігерлер ата-анасына баланың қайтыс болғанын хабарлаған.
Баланың анасының айтуынша, ол дәрігерлерден Қарағандыға жасанды тыныс алу аппаратын жеткізуді сұраған.
Бұл ауыр жағдайда қанға оттегі жеткізуге көмектесетін құрылғы. Алайда аппаратты Астанадан жеткізуге рұқсат берілмеген. Ал аурухананың өзінде мұндай жабдық болмаған. Жасанды тыныс алу аппараты ауыр жағдайдағы науқастарға, әсіресе өкпе жұмысы жеткіліксіз болған кезде, ең маңызды қолдау әдістерінің бірі саналады.
“Бұл ауруханаға бүкіл облыстан балалар мен ересектер көптеп түседі. Бұл жабдық аурухана үшін стратегиялық тұрғыдан өте қажет. Егер осы ауруханада жасанды тыныс алу аппараты болғанда, қызым тірі болар еді. Қызым ұзақ уақыт өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратында жатты. Өкпені жасанды желдету аппараты баланың өкпесін әлсіретеді. Мұны барлық мамандар біледі”, – дейді Кәусар Серіктің анасы Әсел Әбділдина.
Қыздың анасы баласын пульмонолог дәрігер қарамағанын айтты.
“Менің ойымша, балам өкпе патологиясынан көз жұмды. Реаниматолог – пульмонолог емес. Реаниматолог шұғыл көмек көрсетеді. Балама күн сайын пульмонологтың физикалық тексеруі қажет болды, онлайн кеңес емес”, – дейді Әсел Әбділдина.
Отбасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуді қаламайды. Олар тек аурухана басқа науқастарды емдеуге көмектесетін қажетті жабдықты жедел түрде сатып алса дейді.
“Бұл өте қорқынышты жағдай. Дәрігерлер “бала бақылауда, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі, медицина бұл баланы біледі” деді. Ақ халатты адамдар баланың тұншығып, көз алдында жан тапсырғанын жай ғана бақылап тұрды. Оған өмір сүруге мүмкіндік бермеді. Жасанды тыныс алу аппаратын беруден бас тартты”, – дейді Әсел.
ОқыңызБұл жағдай қоғамда кең талқыланып, өңірлік медициналық мекемелердің заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі мәселесін қайта көтерді. Бұл оқиғаға журналист Айнұр Балакешова назар аударып, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы сынға алды.
“Әйел адамның сәнді әрі әдемі болғаны жақсы. Егер денсаулық сақтау министрі Valentino туфлиін кисе – бұл оның жеке құқығы. Бірақ Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде көптеген өмірді сақтап қалуы мүмкін жасанды тыныс алу аппараты жоқ кезде, мұндай жағдай сынға лайық”, – деді ол.
Сонымен қатар елордадан тыс көптеген өңірлер мен елді мекендерде сапалы медициналық көмекке қолжетімділік мәселесі әлі де өзекті екені айтылды.
Айта кетейік, бұған дейін Депутат Бақытжан Базарбек МӘМС-тегі былықтар үшін министр Әлназарованы жауапқа тартуды талап еткені туралы жазған едік.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен