Депутат Бақытжан Базарбек МӘМС-тегі былықтар үшін министр Әлназарованы жауапқа тартуды талап етті

Депутат Бақытжан Базарбек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәселеге оны құрған және оның жұмыс істемей қалуына жол берген бұрынғы министрлер жауап беруі тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, қазіргі Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова саланы дайын қиындықтармен қабылдап алып, дағдарыстан шығарды. Алайда оған да нақты талаптар қойылуы керек дейді.
“Егер белгіленген мерзімде жағдай түзелмесе, жауапкершілікті қазіргі министр көтеруі тиіс”, – деді депутат.
Депутаттың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қадағалау функциялары 2015–2016 жылдардан кейін әдейі әлсіретілген.Ссоның салдарынан қаржы әртүрлі схемалар арқылы шығарылған дейді.
2026 жылдан бастап қант диабетін емдеу МӘМС жүйесіне енгізілмек
Жұмысынан айырылған қазақстандықтар МӘМС бойынша алты ай бойы медициналық көмек ала алады
“Біздің түзетуімізді президент қолдады. Фармакологиялық және медициналық бақылау қадағалау жүргізіп отыр. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, ұрлық тоқтаған жоқ. Бұрын қалай ұрланса, қазір де солай жымқырылып жатыр”, – деді ол.
Депутаттың айтуынша, қазір қаржылық бақылау толықтай Қаржы министрлігінің құзыретіне берілген.
“Уәкілетті орган ретінде Денсаулық сақтау министрлігі қор бойынша өз мәртебесін сақтайды. Қор Қаржы министрлігінің қарауына өтпейді. Бірақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржыландырылуы ашық болуы тиіс. Бұрын қордың есеп жүйесі мемлекеттік ортақ жүйемен сәйкес келмеді. Соның салдарынан ауқымды ақша ұрланған”, – деді Базарбек.
Сондай-ақ ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бірнеше қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев Ұлттық құрылтайда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (МӘМС) мен алаяқтық әрекеттердің қоғамға төндіріп отырған қаупі туралы айтқан еді.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты