Жұмысынан айырылған қазақстандықтар МӘМС бойынша алты ай бойы медициналық көмек ала алады
Фото: depositphotos.com
2026 жылдан бастап МӘМС жүйесіне кемі 5 жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтардың мәртебесі төлем уақытша тоқтаған жағдайда 6 ай бойы сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының мәліметінше, мұндай өзгерістер “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” заңға енгізілді. Келесі жылдан бастап МӘМС жүйесіне кемінде 5 жыл қатарынан жарна төлеген адамдар жұмыссыз қалса да, жарты жыл тегін медициналық қызмет ала алады.
Қазақстандықтар МӘМС жарналарын міндетті емес, ерікті етуді талап етіп, петиция жариялады
“Бұл өзгерістер жұмысынан айырылған немесе уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған тұрғындардың медициналық көмектен қағылмауын қамтамасыз етеді. Бірақ табыс тұрақтанғаннан кейін төленбеген айлар үшін берешекті өтеу қажет болмақ”, – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.
Қазір қолданыстағы нормаға сәйкес, төлемдер тоқтаған жағдайда сақтандырылған мәртебесі 3 ай сақталады.
Еске салсақ, МӘМС бойынша қарыздары бар қазақстандықтарға несие беруге тыйым салынатыны туралы жазғанбыз.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген