Қала ішіне де, алыс сапарға да арналған кроссовер: GAC жаңа S7 моделін таныстырды

Автомобиль нарығында гибридті модельдерге сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, 2026 жылдың алғашқы төрт айында көлік сатылымындағы негізгі драйвер гибридті көліктер болды. Сатып алушылар тек үнемді көлік емес, күнделікті өмірге ыңғайлы, ұзақ сапарларда сенімді әрі технологиялық шешімдерді ұсынатын модельдерді іздейді. Осындай талаптарға жауап беретін жаңа модельдердің бірі – GAC S7.
Жаңа буындағы S7 моделі электр көлігінің тыныш әрі жұмсақ жүрісін, дәстүрлі қозғалтқыштың ұзақ жолдағы сенімділігін ұштастырады. Нәтижесінде жүргізуші зарядтау мәселесіне алаңдамай, қала ішінде де, алыс жолда да өзін еркін сезіне алады.
GAC S7-де негізгі қозғалысты екі электр қозғалтқышы қамтамасыз етеді. Ал бензин қозғалтқышының міндеті – батареяға қуат беру. Автокөлік электр режимінде 153 шақырымға дейін, ал толық жүріс қорымен 781 шақырымға дейін жүре алады. Бұл қала ішінде күнделікті қатынауға да, бірінші қаладан екінші қалаға жоспарланған сапарларға да жеткілікті. Сонымен қатар батареяны 30%-дан 80%-ға дейін қуаттауға 20 минуттан аз уақыт қажет.

Шараға арнайы қатысқан GAC International директорының орынбасары Лу Вэйцун Allur компаниясымен бірге Қазақстанда көлік құрастыру ісін одан әрі дамытатынын атап өтті.
“Биыл біз Қазақстанның жетекші автомобиль компанияларының бірі – Allur Group-пен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткіздік. Автомобиль жасаудағы көпжылдық тәжірибеге, жоғары сапа стандарттарына және өндірісті қатаң жаһандық бақылау жүйесіне сүйене отырып, GAC автокөліктері әлем бойынша миллиондаған жүргізушінің сеніміне ие болды. Бүгін біз заманауи дизайнды, жоғары өнімділікті, кең әрі жайлы салонды, қауіпсіздік пен сенімділікті үйлестірген жаңа GAC GS7 моделін мақтанышпен таныстырамыз. Әмбебаптығының арқасында бұл автомобиль әртүрлі пайдалану жағдайына бейімделген және Қазақстандағы сапалы автокөлік іздейтін тұтынушылар үшін жаңа таңдау болмақ”, – деді GAC International директорының орынбасары Лу Вэйцун.
Заманауи дизайн және экстерьер
GAC S7 сыртқы сипаты арқылы да бірден көзге түседі. Шанақтың айқын сызықтары, алдыңғы интеллектуалды LED жарық жүйесі, артқы Skyline жарық жолағы және 20-дюймдегі дискілер көлікке заманауи әрі технологиялық сипат береді. Панорамалық төбе сыртқы дизайнды толықтырып қана қоймай, салонды жарық әрі кең етіп көрсетеді.

Жайлылық бірінші орында
GAC S7 салоны күнделікті пайдалану мен ұзақ сапарларды ескере отырып жасалған. Салондағы жұмсақ материалдар, кең кеңістік пен атмосфералық RGB жарықтандыру жолаушыларға жайлылық сыйлайды.
Интерьерде Nappa былғарысы қолданылған, ал төбесі жасанды күдерімен әрленген. Қосымша дыбыс оқшаулау жүйесі қозғалыс кезінде сыртқы шуды азайтады.
Кроссовердің екінші қатары ұзақ жолдарда жолаушылардың жайлылығы үшін жасалған. Артқы орындықтардың арқалығы 137 градусқа дейін шалқаяды, сондықтан ұзақ сапарларда демалуға қолайлы.

Сонымен қатар 720 литрлік жүксалғышқа күнделікті қажет заттар, демалысқа немесе саяхатқа арналған жүктер оңай сыяды.
Тест-драйв және көліктен алған әсер
GAC бренді халықаралық нарықта шамамен 30 жыл бойы жұмыс істеп келеді және Toyota мен Honda компанияларымен серіктестік тәжірибесін қалыптастырған. Компания инженерлік шешімдерде сенімділікке, сапаға және жүргізушінің күнделікті қажеттілігіне басымдық береді. Бұған GAC ұйымдастырған тест-драйв барысында көзіміз жетті.

Көлік жолсыз жерде де, құмда да еркін жүре алды. Салонның қаптамасынан артық дыбыс естілмейді. Ал интеллектуалды жүйе диагональ бойынша көтерілгенде салмақты өзі реттеп, қуатты дөңгелектерге теңдей бөледі. Сынақ барысында көлікпен биіктен де түсіп көрдік. Мұндағы биіктен түскенде іске қосылатын жүйе көлікті төмен жүріп кетуден сақтайды, яғни аяқты тежеуіштен алсаң да, көлік қозғалмайды.
Тест-драйв кезінде тілшіміз тек көлікті жүргізіп қоймай, жолаушы ретінде де кроссоверді сынап көрді. Көліктің аспасы өз жұмысын толық атқаратыны көрініп тұр. Себебі жолсыз жерде жүргенің жолаушыға сезілмейді де, артық шу да естілмейді. Орындықтағы массаж функциясы сапарды одан әрі жайлы ете түседі.

GAC S7 – электр көлігінің жайлылығы мен гибрид технологиясының практикалығын біріктірген жаңа буындағы кроссовер. Көліктің екі нұсқасы қолжетімді:
- Max – 19 490 000 теңге;
- Ultra – 21 490 000 теңге.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді