Путин ядролық күштерді жоғары дайындық режиміне ауыстыруға бұйрық берді
Ресей президенті Владимир Путин негізгі әскери күштерді жоғары дайындық режиміне ауыстыру туралы бұйрық берді. Бұлардың қатарында стратегиялық ядролық күштер де бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгу және Бас штаб басшысы Валерий Герасимовпен кездесу барысында негізгі әскери күштерді жоғары дайындық режимені ауыстыруға бұйырған.
"НАТО жетекші мемлекеттерінің лауазымды тұлғалары біздің елге қатысты қатаң мәлімдемелер айтуда, сондықтан қорғаныс министрі мен Бас штаб басшысы Валерий Герасимовке Ресей әскерінің негізгі күштерін жоғарғы әскери кезекшілік режиміне ауыстыруға бұйырамын", – деді Путин.
Негізгі әскери күштер Ресейге қарсы агрессияны ұстап тұру үшін және агрессорларды жоюға арналған. Бұл үшін ядролық қаруларды да пайдалануға рұқсат берілген.
Еске салайық, бұған дейін Путинге қарсы петиция жарияланып, жарты сағаттың ішінде 34 мыңнан аса дауыс жиналған еді.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіге таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды