Продюсерлікке мықтап кіріскен Мөлдір тағы бір топ құрмақшы
Өткен аптада Мөлдір Әуелбекова талантты қыздарға іздеу салатынын айтқан еді. Соған қарап жұрт Мөлдір жақында ғана өзі құрған “Назар” тобының құрамын ауыстырмақ деп топшылады. Алайда шын мәнінде продюсерлікке бет бұрған Мөлдір тағы бір топпен жұмыс бастамақ ниетте.
Бұл туралы “Гәкку” арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Барлығы “Назар” тобына деп ойлап жатыр. Бірақ еш уайымдамаңыздар. “Назар” тобының құрамы өзгермейді”, – дейді Әуелбекова. Сонымен Мөлдір осыдан бірнеше жыл бұрын жұмысын тоқтатып қойған “Гауһартас” тобына кастинг жариялауда.
“Осы жобаны қайта қолға алып, құрамды жаңартып, әндерін жаңартып, қайтадан халыққа алып шығайын деп жатырмыз. Жұмыс жүріп тұрған кезде, Алла бұйыртып тұрған кезде қолдан келгенше жасау керек деп ойлаймын. Өйткені ештеңе мәңгілік емес, дәурен өтеді”, – дейді Мөлдір.
Продюсерлікке бет бұрған Мөлдір мұнымен де тоқтап қалмақ емес.
“Тағы жаңа жоба алып жатырмын. Жеке әнші болады. Оны да алдағы уақытта таныстырып, бөлісетін боламын”, – дейді Әуелбекова.
“Өздерінің бағыты бар. Көбіне жастарға жақын болады. Бірақ екеуі бір-біріне ұқсас болады. Неге? Өйткені бір-біріне бәсекелес етіп жасап жатырмыз”, – дейді Әуелбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Битіп биле: Ерке Есмаханның биі желіні шулатты (видео)
Жұлдыз алғаш рет Қайратты ел алдында туған күнімен құттықтады
Сәкен Майғазиев: Көлігімді сатпаймын, концертіме демеушілер табылды
Ерсі әрекеті үшін халқынан кешірім сұраған Төреғали «Қатемді кешіріңдер» деп ән арнады (видео)