Сәкен Майғазиев: Көлігімді сатпаймын, концертіме демеушілер табылды

7-наурыз күні Алматы қаласында Республика сарайында Сәкен Майғазиев «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» атты өзінің алғашқы шығармашылық кешін өткізеді. Аталмыш кештің ерекшелігі мен дайындығы туралы әншінің өзі баяндады.

Бұл туралы comode.kz порталы жазады.

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, тыңдармандары одан жеке кешін қашан өткізетінін жиі сұрайды екен. Ал ән кешін осынша уақыт кешіктіруінің себебін бар күші мен уақытын “МузАрт” тобына арнауымен түсіндірді.

«2015 жылы Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен, Болат Мажағұлов мырзаның ұсынысымен аналар, әйелдер мерекесінің қарсаңында концерт өткізген болатын. Араға үш салып Алматы қаласында да есеп беретін уақыт келді-ау деп ойладық. «Жеке кешіңізді неге осыншама уақыт ұзақ күттірдіңіз?» деген сұрақты жиі естіп жүрмін. Себебі, мен үшін Сәкен емес, «Музарт» әрдайым бірінші орында. Топтағы бәріміз де көбінесе бірінші күшті «Музартқа» саламыз. Шығармашылық жағынан да, уақыт жағынан да Музартпен санасамыз. Тіпті, бұған дейін мен өз тарапымнан мұндай ұсынысты жігіттерге жасаған да емеспін, ойлаған да емеспін. «Сабақты ине – сәтімен» деген осы шығар!» – дейді әнші.

Алдағы концерті туралы сөз еткен әнші кеште қандай ерекшеліктер орын алатынын айтты. Әншінің жеке кешінде Майғазиев жаңа қырынан да көрінуі мүмкін.

«Соншалықты өзгеше болып, мен тікұшақпен ұшып келемін деп айтпаймын. Бірақ, менің өнерімді бағалап, сыйлап келген көрермен жалығып, шаршап кетпейтіндей бір деммен өтсе деймін. Репертуарымда әндерім өте көп. Бәрін орындау, әрине, мүмкін емес. Отызға жуық ән орындалады. Арасында жаңа әндер, жаңа дуэттер болады. Өнерсүйер қауымның жүрегінен орын тапқан ескі әндерді де бәріміз бірге орындайтын боламыз деп ойлаймын. Кеш қонақтары: «Музарт», Зарина Алтынбаева, «SMart» мектебінің шәкірттері, т.б.сыйлы қонақтарым болады. Менің жаңа қырымды да көріп қалуларыңыз мүмкін. Ең бастысы, 100% жанды дауыста болады», – дейді Сәкен Майғазиев.

Бұған дейін жеке кешін ерекше етіп өткізгісі келген әнші тиісті қаражатты жинау үшін көлігін сатқалы жүргенін айтқан болатын. Алайда Майғазиев бұл ойынан бас тартқан сыңайлы.

«Көлік сату туралы әңгіме әзіл болатын. Жалпы, жеке кешімнің шығыны менің көлігімнің бағасымен тең екенін айтқан едім. Қазір «көлігімді сатпаймын, демеушілер табылды» деп әзілдеймін. Басты демеушілерім – халқым. Ал, қаржы жағынан азаматтық танытып жатқан жігіттер бар. Шынында, жақын-жұрағаттардың ең болмаса сөз жәрдеммен көмектесетін, танылатын, сыналатын кезі десем де болады. Бұл да бір үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Жанымнан табылып, қолдау көрсетіп жүрген жандар бар, Аллаға шүкір. Бұрын ата-әжем: «өзің жақсы болсаң, айналаңның  бәрі жақсы болады» деп отыратын. Шүкір, айналама жақсылар жиналды. Ең бастысы халықтың қолдауы, сұранысы жоғары», – дейді әнші.

Оқи отырыңыз:

Анасын тербетіп, жылы сөздерін аямаған Қайрат Нұртастың інісі жұртты сүйсіндірді (видео)

Қайрат Нұртастың әкесі: Құдай маған екі келінімді өз балаларымнан артық етіп берген

Ерсі әрекеті үшін халқынан кешірім сұраған Төреғали «Қатемді кешіріңдер» деп ән арнады (видео)

Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды

Адал ит қожайыны көз жұмған соң, 15 минуттан кейін өлді

Ер адам 8 жыл бойы ми рагымен күрескен