Жұлдыз алғаш рет Қайратты ел алдында туған күнімен құттықтады

Күні кеше еліміздегі №1 әнші атанып кеткен Қайрат Нұртас 29 жасқа толған туған күнін атап өтті. Әріптестері мен жақындары Қайратты желі арқылы жарыса құттықтады. Оның ішінде жары Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет жария түрде Қайратқа деген ақ тілегін жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Жүрегімнің иесі, Отағасы, дүниеге келген күніңмен құттықтаймын! Сенің бойыңнан көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық, сабырлық, еңбекқорлық пен мейрімділік үйлесімділікпен кездескен. Сондықтан, әрі қарай көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа, аңсаған армандарыңа жететініңе сенемдімін! Ең бастысы денің сау болсын, басыңнан бағың таймасын, Алла абройыңнан айырмасын. Адал достарың көп болсын! Біз сені шексіз сүйеміз! Біз әрқашан сенімен біргеміз! Мама, Алланың қалауымен дүниеге, Ел азаматын әкелгеніңіз үшін рақмет! Папа❤️Мама сіздер аман болыңыздар!” – дейді Жұлдыз.

Сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекова да сүйікті ұлына деген жүрекжарды лебізін желі арқылы жеткізді.

“Бүгін менің туған күнім, тұла бойым тұңғышым Қайратымның және сіздердің Қайраттарыңыздың дүние есігін ашқан күні. Үздіксіз ізгі тілектеріңізді жіберіп жатқандарыңызға, аналық жүрегіммен алғысым шексіз! Ал Ақ Қайратыма тілерім: Алла деніне саулық беріп, өмірін ғұмырлы етіп, абыройынан айырмасын! Үміт артқан ұл-қыздары, аяулы жары Жұлдызыммен бақытты өмір кешсін! Әкесі мен бауырларына маған және тыңдармандарына сыйлаған бар бақытын Алла өзіне 3 есе артығымен нәсіп етсін! Теңдесі жоқ құнды асылым менің, мерейің үстем болсын!” – деп бөлісті ол.

Қайраттың өзі болса тәрбие беріп, мәпелеп өсірген ата-анасына деген шексіз ризашылығын жеткізді.

“Анашым! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді- ол менің анам. Анашым мені дүниеге алып келгеніңізге, Сіздің ұлыңыз болғаныма Аллаға мың да бір шүкір. Сіздің алдыңызда қарыздарымды ешқашан өтей алмаспын. Маған деген маxаббатыңызды, қамқорлығыңызды дүниеге келген күннен сезініп келем. Қаншама қателігімді кешіріп, жоғымды жасырып, барымды асырып, мен үшін отқа да, суға да түстіңіз. Менің әрбір жетістігім- ол Сіздің еңбегіңіз. Әкем екеуіңіз маған дұрыс тәрбие бергендеріңізге алғысым шексіз. Ананың, әкенің, бауырдың,баланың,xалықтың қадірін білуді Сіздерден үйрендім. Жаратқан Сіздерге жәннәтты бұйыртсын. Анашым! Әкешім! Мен Сіздерді шексіз сүйем. Алладан амандықтарыңызды, ұзақ өмір сүрулеріңізді сұраймын. Әрбір ренжіткен сөзіме, көңілдеріңізге қаяу түсірген күндеріме кешірім сұраймын. Ал, қазақ елі туылған күнім құтты болсын”, – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Біз де ауырғанбыз: Отандық жұлдыздар тыңдармандарына мінез көрсеткен кездерін еске алды

Төреғали Төреәлі қажылыққа аттанды

Бағым Мұхитденова: Мен аузымды ашатын болсам, жақсы болмайды

Төреғали “Қатемді кешіріңдер” деп концерт бергелі жатыр

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Өлімнің себебі айтылмады

50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

Қазіргі уақытты 3 полиция қызметкері күдіктеліп отыр

Спортшылар қанша табыс табады: Хабиб Дастин Порьемен жекпе-жек өткізеді

Айқас Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек

Ерлі-зайыпты көлден екі аузы бар балық аулады

Олар балықты суретке түсірген соң қайта суға жібере салды

Суға батқан қыздың әруағы жүреді: Қуыршақтардан тұратын әлемдегі ең қорқынышты мекен анықталды

Аңыз бойынша, аралда өмір сүрген адам суға батқан қызды құтқара алмаған

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Сапарбаев: 300 мың жалақы алатындар құжатқа 40 мың жалақы аламыз деп көрсетеді

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр

Жәкішевтің апелляциялық сот отырысын тағы да кейінге қалдырды

Бұған дейін апелляциялық сот 27 тамызға ауыстырылған еді

"Парашют ашылмай қалды": Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери қызметкер көз жұмды

Әскери қызметкер қосымша парашютті қолданбаған
Çàãðóçêà...