Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент сенат сайлауы өтетін күнді бекітті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 тамызға парламент сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

"Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын", - делінген мемлекеттік БАҚ-та жарияланған Жарлық мәтінінде.

Жарлықта сайлау 2020 жылғы қазанда палата депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты тағайындалады деп көрсетілген.

"Қазақстан Республикасының үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, сенатта 14 облыстың әрқайсысынан, республикалық маңызы бар екі қаладан (Алматы және Шымкент), сондай-ақ Нұр-Сұлтан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар болады. Бұдан басқа, сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де маңызды мүдделерінің өкілдігін қамтамасыз ету қажеттігі ескеріле отырып, сенаттың 15 депутатын президент тағайындайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.

Қазақстанның заңнамасына сәйкес, сенат депутаттарының сайлауына таңдаушылар - мәслихаттар депутаттары болып табылатын республиканың азаматтары қатысады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланады. Бұл ретте олардың кезекті сайлауы олардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр