Президент парламенттің алдында қандай міндеттер тұрғанын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаве парламенттің алдында маңызды екі міндет тұрғанын айтты. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдірудің маңызын атап өтті.
"Депутаттар әрдайым қоғам тынысын аңғарып, тамырын дөп баса білгені жөн. Парламент – ел мүддесі үшін тер төгіп, аянбай қызмет істейтін қайнаған жұмыстың ортасы. Халқымыз бізден оң өзгерістер күтетінін әрдайым есте ұстаған абзал", - деді ол.
- Тоқаев сайлауда "бәріне қарсымын" деген таңдау енгізуді сұрады
- Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасы жасалады
- Тоқаев мәжілістің жаңа депутаттарынан не күтетінін айтты
Сондай-ақ, мемлекет басшысы депутаттар "жастардың әлеуметтік қызметтері" деген ұғымды заң жүзінде ресімдеуі керектігін айтады.
"Әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстанда «Жастардың даму индексін» енгізген жөн. Жергілікті атқару органдарының жастар саясатын жүзеге асыруға қатысты жұмысы соның негізінде бағаланады", - дейді ол.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"