Полицейлер әйелге ЭКСПО аумағында жоғалтқан құны 1,5 миллион теңге болатын алтын сағатын қайтарып берді
Қостанай тұрғыны Астана ІІД-не хабарласып, 29 шілде күні “ЭКСПО-2017” аумағында бағасы бір жарым миллион тұратын “Tissot” маркалы алтын сағатын жоғалтып алғанын айтады.

Бейнебақылау камераларын тексеру барысында екі жас жігітті байқайды. Олардың біреуі жерде жатқан белгісіз затты көтеріп алған.
“Дереу Астанаға көрмеге келген петропавлдық 11 сынып оқушысының алғанын анықтады. Ол қаладағы туыстарының үйіне тоқтаған екен. Бейнебақылау камерасы арқылы полицейлер балалар отырған таксиді де анықтады. Елордалық тәртіп сақшылары сағатты тауып, оны иесіне қайтарды”, – делінген ІІД баспасөз хабарламасында.
Сағаттың иесі полицейлерге алғысын жеткізген.
Оқи отырыңыз:
14 жыл бұрын аман қалған тастанды қызды көкшетаулық дәрігерлер күтіп-баққан
Ұят: Қазақстандықтар билет сату қызметінің жарнамасына наразылығын білдірді
Қазақстандық блогер жағдайына қарамай бала санын көбейткіш ата-аналарды сынады
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар