Пышақпен қорқытып, күш көрсеткен: Түркістан облысында екі жігіт ер адамнан бес миллион теңге бопсалаған
Түркістан облысында ер адам белгісіз қаскөйлер оны пышақпен қорқытып, күш көрсетіп, 5 млн теңге бопсалағанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Ленгер қаласында болған.
Түркістан облысының полиция департаменті бопсалаған күдікті жастарды анықтады. Ұстауға тергеу-жедел тобы және облыс ПД ПБББ тәжірибелі қызметкерлері қатысты.
Бес млн теңге алу кезінде полицейлер екі жігітті ұстады. Олар Төлеби ауданының тұрғындары болып шықты, біреуі бұрын сотталған екен.
Күдіктілердің бірінің үйінен полицейлер алты оқ тапты. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"