Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пышақпен кесіп, жоғарғы қабаттан лақтырған: Сатпаев қаласында тұрғын күшікті асқан қатыгездікпен қорлаған

Ұлытау облысының Сатпаев қаласында тұрғын күшікті асқан қатыгездікпен қорлап, әбден аяусыз мазақ қылған. Соққыға жығылып, пышақ жарақатын алып, жоғарғы қаббаттан құлаған күшіктің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Винтера деп аталған күшікті еріктілер тауып алып көмек көрсеткен. Олардың айтуынша күшіктің сау-тамтығы қалмаған. Жергілікті тұрғын оны асқан қатыгездікпен қорлағаны сонша күшіктің өкпесі мен бауырына зақым келіп, денесі көгеріп, кесілген. Оны аман алып қалу үшін Алматыға арнай операцияға жіберілді. 

Куәгерлердің айтуынша бұл іске жергілікті тұрғынның қатысы бар.

“Күшік кіре берісте қанға боялып жатты. Осы подъезде анасымен бірге тұратын бала оған көмек сұраған. Күшікті Алматыға алып барғанда, оның бауыры диафрагмаға, кеудеге түсіп кеткені белгілі болды.

Сол жерге ерікті ретінде барып, учаскелік полиция қызметкерін шақырып, көршілерден деректер сұрадық. Арыз жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша жазылды”,-деді Сатпаев қаласының еріктісі Анастасия Коуль.


Талқылау