Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

CҚО-да күшік ұрлаған жігіттер 7 жылға түрмеге қамалмақ

Солтүстік Қазақстан облысында 19 жастағы жігіттер жауынгерлік тұқымды күшікті ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Есіл ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің тұрғынынан белгісіз қылмыскерлер түнгі уақытта қораның есігін бұзып, оның үш айлық күшігін ұрлап кеткені туралы арыз түскен.

"Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасына көрші аудан тұрғынының қатысы барын анықтады. Күшік одан тәркіленді. Екі күдікті де 19 жаста“, – деп хабарлады полиция.

Олардың бірінің стаффорд күшігі болған. Ұсталғандардың бірінің айтуынша, досы дәл осындай итті алуға көмектесетінін айтқан. 



Бұл дерек қылмыстық кодекстің 188-бабының үшінші бөлігі "Ұрлық" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жігіттер мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады.

“Мұндай қылмыс ауыр қылмыс санатына жатқызылған. Ол бойынша кешірім беру заң бойынша тыйым салынған”, – дейді полиция.

Күшік сол күні иесіне қайтарылды.

Талқылау