Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Піл туристі көліктен шығарып, кейін таптап өлтірген

Замбияда піл америкалық турист әйелді көліктен шығарып, кейін таптап өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

пілдер

Видеодан скриншот

64 жастағы Джулиана Гле Турно Нью-Мексикодан келген екен. Ол Ливингстондағы Марамба мәдени көпірінің маңында пілдерді тамашалап тұрған. 

"Турно 17:50 шамасында көз жұмды. Бұл кезде турист отырған көлік пілдер келе жатқан соң тоқтап тұрған", – деді Оңтүстік провинция полициясының комиссары Аукенсио Дака.

ZNBC репортерлерінің мәліметінше қайғылы жағдай танымал саябақта болған. Полиция Турноның өліміне қатысты еш мәлімет берген жоқ. 

Ал Ливингстон тұрғыны Рут Чисованың айтуынша, одан бірнеше метр жерде тамақ іздеген піл арыққа құлап кеткен. Салдарының оның мүлкіне зақым келіпті.

"Үкімет бұл мәселенің шешімін табуы керек. Себебі пілдер біздің мүлкімізді құртып жатыр", – деді ол.

Жергілікті биліктің мәліметінше құрғақшылыққа байланысты аймақта пілдердің саны артуы мүмкін. Сонымен қатар Замбияға келетін туристерге абай болуға кеңес берді.  

Талқылау