Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда темекі шегушінің олақтығынан өрт шықты

Мейрам күні Петропавлдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде темекінің  салдарынан өрт шықты.

Бұл туралы  ХАА ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«8 наурызда кешкі сағат 22.51-де бес қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Құтқарушылар өрт  тұтанған тұрғын  үйден  25 адамды эвакуациялады. Олардың арасында үш бала болған. Қызыл жалын түнгі сағат 23:12-де сөндірілді. Өрт сөндірушілер 1964 жылғы ер адамды құтқарып қалды. Ол газға уланып  ауруханаға жеткізілді. Өрт темекі шегушінің аңғалдығынан болған»,-дейді ХАА ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 50 адам құтқарылды

Алматыда жолды кесіп өтпек болған екі адамды көлік қағып кетіп, біреуі көз жұмды

Тағы да ұстаз өлімі: Ақтауда мектеп мұғалімі көз жұмды

Маңғыстау облысында сыныптастары 6-сынып оқушысын итеріп жіберіп, ауыр халге түсірген

Талқылау