Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 50 адам құтқарылды

Қостанайда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 50 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

8 наурызда түнгі сағат 23:40 шамасында Қостанайдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің баконынан өрт шыққан.

Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалын шарпыған 10 қабатты үйден 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге көшіріліпті.

Алдын ала болжам бойынша, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан шыққан болуы мүмкін. Сонымен қатар, балконды құрылыс материалдары болған екен.

«Тез тұтанғыш заттар, сұйықтықтар өрт шығуына ықпал ететіндіктен, тұрғындарға аталған заттарды балконда сақтамауға кеңес береміз. Сондай-ақ, ашық балконда тұрған тұтанғыш заттар жоғары қабаттан түсетін темекі тұқылының салдарынан тұтанып, өрт шығуы мүмкін», – дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Қызыл жалын түнгі сағат 00:07-де сөндірілді. Өрт сөндіруге 23 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз:

Тағы да ұстаз өлімі: Ақтауда мектеп мұғалімі көз жұмды

Маңғыстау облысында сыныптастары 6-сынып оқушысын итеріп жіберіп, ауыр халге түсірген

Астанада қатты соққан желден мұнара краны құлап қалды

Оралда оқушыларын ҰБТ сынағына әкелген мұғалім қайтыс болды

Талқылау