Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жолды кесіп өтпек болған екі адамды көлік қағып кетіп, біреуі көз жұмды

Алматыда 3 адам жолдың тыйым салынған бөлігін кесіп өтпек болып, олардың екеуі көлік астына түсті. 2 адамды қағып кекткен Toyota Camry маркалы автокөлік жүргізуші тоқтап үлгермей қалған.

Бұл туралы СТВ арнасының «Территория происшествий» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға наурыздың 8-нен 9-ына ауған түні Әл-Фараби көшесінде орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, Әл-Фараби мен Марков көшелерінің қиылысында ер адам мен екі әйел жолды тыйым салынған жерден кесіп өтпек болған. Алайда әйелдердің бірі жолдан өтіп кетсе, қалған екеуі жеңіл автокөлік астына түсті.

Батыс бағытта қозғалып келе жатқан Camry 55 автокөлігінің жүргізушісі тоқтап үлгермей, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

ЖКО салдарынан ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал әйел алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қалалық полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қостанайда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 50 адам құтқарылды

Тағы да ұстаз өлімі: Ақтауда мектеп мұғалімі көз жұмды

Маңғыстау облысында сыныптастары 6-сынып оқушысын итеріп жіберіп, ауыр халге түсірген

Астанада қатты соққан желден мұнара краны құлап қалды

Талқылау