AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда оқушы қыз сабақ кезінде құйымшағын сындырып алды (видео)

Петропавлдағы №43 мектепте оқушы қыз ойнап жүріп жарақат алды. Кейін анықталғандай, құйымшағын сындырып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск News порталына сілтеме жасап. 

Кадрлардан қыздың спортқа икемді екенін көруге болады. Ол алдымен сыныптастарына қолмен оңай тұра алатындығын көрсетеді. Ол кезде ешқандай жарақат алмайды. Кейін тігінен тұрған соң құйрығымен артқа құлайды. 

Оған сыныптас қызы жүгіріп барады. Қыздардың бірнеше секунд сөйлесіп жатқанын көруге болады.  Құлаған жеткіншектің соққыдан ауырғанын көруге болады.

Алайда, көп ұзамай ол орнынан тұрып, волейбол ойнауын жалғастырады. Тіпті допты екі рет береді.

Сабақтан кейін қыз үйге келіп, анасына қатты ауырып тұрғанын айтып, шағымданады. Томография қыздың құйымшағының сынып кеткенін көрсетеді. 

Енді оқушының анасы дене шынықтыру мұғалімінің қызына дер кезінде көмек беріп, ата-анасына хабарламағаны үшін жазаланғанын қалайды. Ол мұғалімді сабақтан шеттетуді талап етуде. 

Ал мектеп әкімшілігі мен мұғалім өздерінің кінәсін мойындамай отыр. 

Бесінші сынып оқушысының анасы полицияға өітініш жазып, істі соңына дейін жеткізуге ниетті. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр